Экономика
1 мин оқу 40

Үкімет, Ұлттық Банк және қаржы реттеушісі экономиканы дамыту мәселесін талқылады

<p>Экономиканың өсуі, кредиттік нарықтың дамуы, бизнесті қолдау және экономиканың нақты секторын ынталандыру Үкімет, Ұлттық Банк, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, &laquo;Атамекен&raquo; ұлттық кәсіпкерлер палатасы және сарапшылар қоғамдастығы өкілдерінің бірлескен талқылау тақырыбының негізіне айналды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Үкімет, Ұлттық Банк және қаржы реттеушісі экономиканы дамыту мәселесін талқылады

Мемлекет басшысы алға қойған міндет – орнықты экономикалық өсуді және азаматтардың әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз ету экономикалық блоктың жұмысы үшін негізгі бағдар болып қала береді. Осы мақсатқа сүйене отырып, кездесуге қатысушылар ағымдағы макроэкономикалық жағдайды, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы Қазақстанның экономикалық белсенділігінің алдын ала қорытындыларын қарастырып, макроэкономикалық саясаттың одан арғы басымдықтарын талқылады.

Парламент Үкіметтің 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін қабылдады

Сараптамалық кездесу Ұлттық экономика министрлігі жанындағы Экономикалық зерттеулер институтының алаңында өткізілді. Талқылауға Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Дәурен Сәлімбаев, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жәркенов, Экономикалық зерттеулер институты төрағасының орынбасары Дастан Әкебаев және институт сарапшылары қатысты.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет биыл инфляция деңгейін 10%-дан төмендетуді көздеп отыр

Экономикалық зерттеулер институтының ішкі сұраныс динамикасына, несиелендіруді дамытуға және салалық белсенділікке арналған талдамалық баяндамасы талқылауға негіз болды.

Бөлісу:
Үкімет, Ұлттық Банк және қаржы реттеушісі экономиканы дамыту мәселесін талқылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар