Қоғам
1 мин оқу 40

Елімізде 42 градусқа дейін аптап ыстық болады

<p>Синоптиктер еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады. Батыс пен шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Елімізде 42 градусқа дейін аптап ыстық болады

Еліміздің батысында қатты жаңбыр жауып, жекелеген аудандарда бұршақ жаууы ықтимал. Басқа аумақтарында, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейіп, батыста, шығыста дауыл күтіледі. Ал солтүстікте түнде және таңертең тұман болады.

Аптап ыстықтан Эйфель мұнарасының биіктігі өзгерді

Күндіз Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Жетісу, Ұлытау облыстарында, Абай облысының оңтүстігінде  35-38 градус қатты ыстық, Жамбыл мен Маңғыстау облыстарында термометр бағаны 38-42 градусты көрсетеді. Түркістан, Қызылорда облыстарында 40-42 градусқа дейін аптап ыстық болады.

Қазақстанда 40 градусқа дейін аптап ыстық болады

Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының  батысында, оңтүстігінде 40-41 градус өте қатты ыстық болжанған. 

Бөлісу:
Елімізде 42 градусқа дейін аптап ыстық болады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар