Экономика
2 мин оқу 40

Вице-министр Қазақстандағы мұнай мен газ қорының көлемін жариялады

<p><strong>Қазақстандағы мұнай мен газ қоры туралы жаңартылған мәліметтер жарияланды. Бүгінде елімізде өндірілетін мұнай қорының көлемі 4,2 млрд тоннаны құрайды. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Вице-министр Қазақстандағы мұнай мен газ қорының көлемін жариялады

Оның айтуынша, бүгінде мемлекеттік есепте 319 мұнай кен орынының қоры тіркелген.

«2025 жылдың басындағы мәлімет бойынша өндірілетін мұнай қоры 4,2 млрд тоннаны құрады. Оның ішінде А+В+С1 санатындағы қор – 2,8 млрд тонна, ал С2 санаты бойынша – 1,4 млрд тонна», деді Ерлан Ақбаров.

Елімізде бензин, дизель және мұнай өнімдерінің экспортына тыйым ұзартылуы мүмкін

Сонымен қатар вице-министр елімізде 301 газ кен орынының қоры бар екендігін атап өтті.

«Еліміздегі 171 кен орнында өндірілетін еркін газдың баланстық қоры 1,7 трлн текше метрді құрайды. Оның 1,2 трлн текше метрі А+В+С1 санатына жатады. Ал 259 кен орнындағы өндірілетін еріген газ қоры 2 трлн текше метрге жетеді» деді вице-министр.

 ОПЕК+ елдері тамыз айында мұнай өндіру көлемін арттыруға келісті

Вице-министрдің айтуынша, өндірілетін ресурстардың негізгі бөлігі – шамамен 70 млрд тонна – Каспий маңы, Үстірт-Бозащы, Маңғыстау және Оңтүстік Торғай шөгінді бассейндеріне тиесілі. Ал қалған 6 млрд тоннаға жуық қор әлеуеті төмен әрі аз зерттелген шөгінді бассейндерде орналасқан.

Еске сала кетейік, бүгін Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 79 доллардан асты. Ал америкалық WTI маркалы мұнайдың бағасы қазір барреліне 74 доллар деңгейінде саудаланып жатыр. Әлемдік мұнай бағасы АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітімнің тоқтатылуына байланысты өсім көрсетіп отыр. 

Бөлісу: