Құтқарушы
1 мин оқу 51
Астанада қоқыс полигоны өртеніп жатыр
<p>Байқоңыр ауданы Алаш тас жолының бойында орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны аумағында қоқыстың жануы орын алды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Оқиға орнында ТЖМ мен ЖАО күштері мен құралдары жұмыс істеуде. Өртті сөндіруге 100-ге жуық жеке құрам мен 47 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.
Өртті сөндіру жұмыстары қою түтін мен қатты тұрмыстық қалдықтардың жану ерекшеліктеріне байланысты күрделенуде. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды сөндіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр.
Жағдай бақылауда. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.
Бөлісу: