Футбол
1 мин оқу 31

Әлем чемпионаты: Лондонда Марокко жанкүйерлерінің шеруі жаппай тәртіпсіздікке ұласты

<p><strong>Әлем чемпионатының ширек финалында Марокко құрамасы Франциядан 2:0 есебімен жеңілгеннен кейін Лондон көшелерінде жаппай тәртіпсіздік басталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Әлем чемпионаты: Лондонда Марокко жанкүйерлерінің шеруі жаппай тәртіпсіздікке ұласты

Әлеуметтік желілерде жанкүйерлер арасындағы қақтығыстардың видеолары тарады. Матч аяқталған соң мыңдаған марокколық жанкүйер Лондонның солтүстік-батысындағы Эджвер-роуд көшесіне жиналған. Оқиға орнына полиция қызметкері жұмылдырылды.

Роналду әлем чемпионатынан кейін мәлімдеме жасады

Ағылшындық басылымдардың мәліметінше, тәртіпсіздік матчтың үзілісі кезінде-ақ басталған. Жанкүйерлер отшашу атып, қоршауларға шығып, жол қозғалысына бөгет болған.

Оқиға кезінде бір полиция қызметкері жарақат алып, бірнеше адам ұсталған. Қазіргі уақытта Англия астанасында қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, жағдай құқық қорғау органдарының бақылауына алынған.

FIFA Аргентинаға төрешілер көмектесті деген айыптауды жоққа шығарды

Еске сала кетейік, әлем чемпионатының ширек финалында Франция құрамасы Марокконы 2:0 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Келесі кезеңде құрама Испания – Бельгия жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Бөлісу: