Ақтаудағы базар аумағында өрт шықты
<p><strong>Ақтаудағы 23-шағын ауданда орналасқан базар аумағында өрт шықты. Тілсіз жау кеңсе тауарлары сатылатын сауда орнында тұтанған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Хабарлама түскен бойда ТЖМ қызметкерлері жедел түрде оқиға орнына жетіп, тілсіз жауды сөндіруге кіріскен. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында тілсіз жау көрші сауда орындарына таралып үлгермеді.
«Өрттің жалпы аумағы 60 шаршы метрді құрады. Өрт қысқа уақыт ішінде толықтай сөндірілді», делінген хабарламада.
Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Бурабайдағы қонақүй кешендерінің бірінің аумағынан өрт шықты
Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада қоқыс полигонынан өрт шықты. Өртті сөндіруге 100-ге жуық жеке құрам мен 47 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.