Абай облысында төрт көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты
<p><strong>Абай облысы аумағындағы Алматы – Өскемен тасжолында төрт көлік соқтығысты. Қайғылы жол апаты салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, апат 9 шілде күні таңертең Алматы – Өскемен автожолының 885-шақырымында, Жарма ауылының маңында болған.
«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Volkswagen Polo автокөлігінің жүргізушісі көлік басқару кезінде назарын басқа жаққа аударып, рөлге ие бола алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Соның салдарынан Volvo жүк көлігімен соқтығысқан. Кейін жол-көлік оқиғасына Toyota Windom жеңіл автокөлігі мен DAF жүк көлігі де қатысқан», делінген хабарламада.
Түркістан облысында жол апатынан бір отбасының бес баласы қаза тапты
Жол апаты салдарынан Volkswagen Polo көлігінің жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бірнеше адам түрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілді.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапқан еді. Алдын ала мәлімет бойынша, Haval көлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Audi 100 автокөлігімен соқтығысқан. Салдарынан Audi көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапқан.