Президент
1 мин оқу 60

Мемлекет басшысы бірқатар елдің елшісін тағайындады

<p><span lang="KZ">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлықтарымен Қазақстанның бірқатар мемлекеттердегі Төтенше және Өкілетті Елшілері қызметінен босатылып, олардың орнына жаңа дипломаттар тағайындалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</span></p>

Мемлекет басшысы бірқатар елдің елшісін тағайындады

Президент жарлығымен Рәпіл Жошыбаев Қырғыз Республикасындағы, Арман Исағалиев Қатар мемлекетіндегі, Абзал Сапарбекұлы Мажарстандағы және Мәди Атамқұлов Сербия Республикасындағы Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметтерінен босатылды.

Президент цифрлық активтерді дамыту жөніндегі Жарлыққа қол қойды

Олардың орнына Әбілқайыр Сқақов Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы, Бақыт Батыршаев Қатар мемлекетіндегі, Анель Бақытбекқызы Мажарстандағы, ал Болат Иманбаев Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елші болып тағайындалды.

Осыған байланысты Болат Иманбаев Қазақстанның Армения Республикасындағы Елшісі қызметінен босатылды.

Президент бірқатар Заң мен Жарлыққа қол қойды

Сонымен қатар Қазақстанның Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Азамат Есқараевқа қосымша дипломатиялық міндеттер жүктелді. Ол енді Қазақстанның Бангладеш Халық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы мен Непалдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқаратын болады.

Жаңа Конституцияның қолданысқа енуімен елімізде бірқатар кадрлық тағайындаулар жүзеге асырылып жатыр. Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Жарлығымен Берік Асылов Бас Прокурор лауазымына тағайындалған болатын. Сондай-ақ Асламбек Мерғалиев Жоғарғы Сот Төрағасы қызметіне тағайындалды.

Бөлісу: