Ақтөбеде дауылдан байланыс мұнарасы құлады: үш адам зардап шекті
<p><strong>Ақтөбе облысының Байғанин ауданында болған қатты дауылдан үш адам зардап шекті. Ауданда жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай режимі жарияланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жеткен. Табиғи апат салдарынан байланыс мұнарасы құлап, жанында орналасқан дүкенді басып қалған. Зардап шеккендер аудандық ауруханаға жеткізілді.
Өңірде келтірілген шығын көлемін анықтау үшін төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия құрылды. Апаттық-қалпына келтіру бригадалары аудан орталығында электр қуаты мен ұялы байланыс желісін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Айта кетейік, бүгін елімізде +42 градусқа дейін аптап ыстық, найзағай, бұршақ және шаңды дауыл күтіледі.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбедегі дауылдан екі көпқабатты және бес жеке тұрғын үйдің шатыры зақымданғанын жазған едік.