Қоғам
1 мин оқу 50

Белгілі ақын Нұртас Исабаев дүниеден өтті

<p><strong>Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Мәдениет қайраткері, ақын, аудармашы Нұртас Исабаев 72 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Қаралы хабарды Жазушылар одағының басқармасы жеткізді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Белгілі ақын Нұртас Исабаев дүниеден өтті

Нұртас Ибрагимұлы Исабаев 1954 жылдың 13 қарашада Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының және Ораз Жандосов қоры сыйлығының лауреаты. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төсбелгісімен марапатталған.

Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік стипендиясының иегері, «Құрмет» орденінің иегері.

Мемлекет басшысы Есмұхан Обаевтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

Орта мектепті бітіргеннен кейін еңбек жолын аудандық газетте корректор болып бастаған. 1982 жылы Мәскеу қаласындағы М.Горький атындағы Әдебиет институтын тәмамдаған.

Нұртас Исабаевтың алғашқы жыр жинағы «Бастау» 1980 жылы жарық көрді. Кейін «Өмірді сүю» (1987), «Ұлылықпен сырласу» (1990), «Қимаймын сені» (1998), «Өмірге құштарлық» және басқа да поэзиялық кітаптары оқырманға жол тартты. Ақынның бірқатар өлеңдері «Разбег» атты орыс тіліндегі ұжымдық жинаққа енген. Сонымен қатар орыс ақыны Александр Твардовскийдің шығармаларын қазақ тіліне аударып, ұлттық аударма саласының дамуына үлкен үлес қосты.

Президент Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовтің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады 

«Қазақстан Жазушылар одағының басқармасы марқұмның жақындары мен туыстарына, барша оқырман қауымға қайғырып көңіл айтады», делінген ақпаратта.

Бөлісу: