Футбол
1 мин оқу 361

Дастан Сәтпаев Хаби Алонсомен бірге алғашқы жаттығуын өткізді

<p><strong><span lang="KZ">Дастан Сәтпаев Лондонның &laquo;Челси&raquo; клубындағы алғашқы жаттығуға қатысты. Клубтың баспасөз қызметі жаңа бас бапкер Хаби Алонсо өткізген алғашқы жаттығудан фотосуреттер жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></strong></p>

Дастан Сәтпаев Хаби Алонсомен бірге алғашқы жаттығуын өткізді

Кадрлардан 17 жастағы Дастан Сәтпаевты да көруге болады. Сондай-ақ жаттығуға клуб жұлдызы Коул Палмер, Жоау Педру, Эстевао Виллиан, Эммануэль Эмега мен жаңа ойыншы Жеовани Кенда қатысты.

Хаби Алонсо тактикасына болжам: Дастан Сәтпаев «Челсиде» қай позицияда ойнауы мүмкін?

«Челси» мәліметінше, команда ауа райының ыстық болғанына қарамастан алаңға шығып, дене дайындығы мен доппен жұмыс істеуге бағытталған жаттығуларды орындаған.

Дастан Сәтпаев Кобхэмдегі жаттығу базасына 1 шілдеде келіп, маусымалды дайындықты ерте бастаған болатын. Жуырда «Қайрат» футбол клубының президенті Қайрат Боранбаев Дастан Сәтпаевпен кездесіп, оның жақсы физикалық дайындықта екендігін атап өткен еді. 

Дастан Сәтпаевтың жейдесі Будапешттегі арнайы көрмеге қойылды

Еске салайық, бұған дейін «Челси» мен «Страсбург» клубтарына таланттарды іріктеуге маманданған Otu lala X парақшасы футболшыны Францияға аттануы мүмкін үміткерлер қатарына қосқан болатын. Оның болашағына қатысты маңызды шешім маусым алдындағы дайындықтың нәтижесіне байланысты болмақ.

Бөлісу: