«Әділет» партиясы Құрылтай сайлауына 186 кандидат ұсынды
<p>«Әділет» партиясы Құрылтай сайлауына 186 кандидат ұсынды. Бұл туралы «Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезінде айтылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан іс-шараға еліміздің барлық өңірінен келген 1 000-нан астам делегат қатысып жатыр.
Съезд барысында делегаттар Құрылтай сайлауына ұсынылатын партиялық тізімді және сайлауалды бағдарламаны бекітті.
Сонымен қатар съезде партия Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, мүшелік жарналардың мөлшерін айқындау және қорытынды қаулы қабылдау мәселелері қаралды.
Бағдат Мусин: Жемқорлықпен күресте жасанды интеллектінің рөлі артады
Еске салайық, «Әділет» саяси партиясы түрлі кәсіби қауымдастықтар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің бастамасымен құрылған. Партияның құрылтай съезі 2026 жылғы 7 мамырда Астана қаласында өткен болатын.