«Әділет» партиясының гимні таныстырылды
<p><strong>«Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезінде партияның гимні көпшілік назарына ұсынылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

«Әділет таңы» деп аталатын туындының сөзін ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Серікзат Дүйсенғазы мен белгілі ақын Сұлтан Дәулетханұлы жазған. Әннің авторы – композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Медет Салықов.
Жаңа есімдер мен танымал тұлғалар: «Әділет» партиясының сайлауалды тізіміне кімдер енді?
Сьезде партия гимнін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Расул Шармағамбетов, халықаралық байқаулардың лауреаттары – Дінмұхаммед Көшкімбаев пен Ардақ Дәулетбергенов орындады.
Еске сала кетейік бүгін елордада «Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезі өтті. Жиында партия алдағы Құрылтай сайлауына 186 кандидат ұсынатындығын хабарлады.