Сайлау
1 мин оқу 30

Халықаралық байқаушылармен кездесті

<p style="text-align: left;">Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы миссиясының басшысы Винсент Пикетпен кездесіп, алдағы Құрылтай депутаттарының сайлауын бақылау мәселелерін талқылады. Жүздесуге екі тараптың мүшелері де қатысты.</p>

Халықаралық байқаушылармен кездесті

Басқосуда Н.Әбдіров миссия мүшелерін конституциялық реформаның негізгі ереже­лерімен, еліміздің жоғары өкілді органын қалыптастырудың жаңа үлгісімен, жаңартылған сайлау заңнамасының негізгі жаңалық­тарымен хабардар етті. Бұдан соң, Ортсайлауком төрағасы елдегі ­саяси науқанға дайындық барысы туралы жан-жақты ақпарат берді. Әсіресе сайлау комиссияларының жұмысын ұйым­дастыру, оларды оқыту, ашықтықты қамтамасыз ету, сайлаушыларды ақпараттандыру жөніндегі шаралар, сондай-ақ қоғамдық және халықаралық байқаушылардың қатысуы туралы айтты.

Н.Әбдіров ОСК мен ЕҚЫҰ ДИАҚБ арасындағы көпжылдық ынтымақтастықты атап өтіп, миссия ұсынымдарын дәйекті жүзеге асыру маңызды бағыт екенін жеткізді.

Өзара іс-қимылымыз саяси науқан тұсында да сындарлы сипатта жалғасатынына сенімдімін. Орталық сайлау комиссиясы халықаралық байқаушылардың өз қызметін еліміздің заңнама­сына әрі халықаралық міндетте­мелеріне сәйкес жүзеге асыруы үшін барлық жағдайды жасайды. ЕҚЫҰ ДИАҚБ-ның қоры­тынды есептерінде қам­тылған ұсынымдармен жұмыс жүргіземіз, деді ол.

Өз кезегінде миссия басшысы сайлаудың маңыздылығына, еліміздің ЕҚЫҰ құрамындағы айрықша рөліне тоқталды.

Қазақстан – ЕҚЫҰ құра­мын­­дағы аса маңызды әрі бе­делді серіктес. Ел тарихын­дағы алғашқы Құрылтай депу­таттарының сайлауын бай­қауға ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясын шақырғандарыңыз үшін алғыс білдіреміз. Қалыптасқан серіктестікті және жергілікті Орталық сайлау комиссиясымен жолға қойылған ашық әрі сындарлы диалогті жоғары бағалаймыз, деді В.Пикет.

Кездесу қорытындысында ОСК сайлау науқанын қатаң түрде ел заңнамасына сәйкес өткізіп, барлығына тең жағдай туғызатыны айтылды.

Бөлісу:
Халықаралық байқаушылармен кездесті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар