Нақты тапсырмалар берді
<p style="text-align: justify;"><strong>Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Кәрім Мәсімовті қабылдады.</strong></p>

Кездесу барысында К.Мәсімов Қазақстан Президентіне негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер, маңызды мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы, сондай-ақ, Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның қазіргі қызметі туралы баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев комиссияның белсенді әрі тиімді жұмыс істегені маңызды екенін атап өтті. – Комиссия өзіне тапсырылған міндеттерді тезірек орындауға кіріскені жөн.
Заңнамалық өзгерістер жобасының бір бөлігін Парламенттің қыркүйектегі сессиясына дейін әзірлеу керек, бұл алға қойылған міндеттерді уақытында жүзеге асыруға оң ықпал етеді, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті көктемгі егіс жұмыстарын сапалы атқару ісіне атсалысу, елдің әрі қарай индустриялық-инновациялық дамуын, сондай-ақ, оның негізгі экономикалық көрсеткіштерінің орнықтылығын қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.