Жаңалықтар
1 мин оқу 112

Велоспорт. «Джиро д'Италия» сайысының 9-кезеңі мәресіне жетті

17-05-2015-tirolongo 01АСТАНА. 17 мамыр. Велоспорттан Италияда өтіп жатқан «Джиро д'Италия» көпкүндігінің 9-кезеңі аяқталды. 215 км.-ге созылған жарыс жолында велоспортшылар Беневентодан Сан-Джорджо-дель-Санниоға дейінгі аралықты жүріп өтті. Нәтижесінде «Астана» кәсіби велокомандасының спортшысы, итальян Паоло Тиралонго кезең жеңімпазы атанды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Тиралонгодан 21 секунд қалып қойған Нидерланды спортшысы Стивен Круйсвейк (LottoNL-Jumbo велокомандасы) 2-орын алса, германиялық Зимон Гешке (Giant-Alpecin велокомандасы) үздік үштікті түйіндеді (+23 секунд). Жалпы есепте көш бастап келе жатқан Tinkoff-Saxo велокомандасының капитаны Альберто Контадор мәреге 11-ші болып жетті (+57 секунд). Оның басты қарсыласы, «Астананың» көшбасшысы Фабио Ару 10-орын алды (+56 секунд). Соған сәйкес жалпы есептегі қос спортшының арасындағы көрсеткіш 4 секундтан 3 секундқа қысқарды. Паоло Тиралонго 8 шілдеде 38 жасқа толады. Ол «Джиро д'Италия» көпкүндігінің тарихында кезең жеңімпазы атанған жасы ең үлкен спортшы екенін айта кетейік. Жарыс кестесіне сәйкес ертең велоспортшылардың демалатын күні. Ал 10-кезең 19 мамырда өтеді (Цивитанова Марке – Форли, 200 км.). 9 кезең нәтижесі бойынша алғашқы ондық төмендегідей. 17-05-2015-tiralongo 001 Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: eurosport.ru.
Бөлісу:
Велоспорт. «Джиро д'Италия» сайысының 9-кезеңі мәресіне жетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар