Жаңалықтар
3 мин оқу 220
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ (бұдан әрі – Редакция) 2015 жылғы 26 сәуірде Қазақстан Республикасының Президентін кезектен тыс сайлауға қатысу үшін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі №2464 Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 59-бабына сәйкес тіркелген, Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарға (бұдан әрі – Кандидат) сайлауалды үгіт материалдарын орналастыруға арналған баспа көлемін берудің шарттары туралы хабарлайды.
Газет көлемін берудің жалпы шарттары
Редакция мақалалар түріндегі үгіт материалдарын жариялайды. Үгіт материалдарының мәтіндерін Кандидаттардың өздері әзірлейді.
Кандидатқа үгіт материалын жариялау үшін мыналар қажет:
- Редакцияға мынадай ақпаратты қамтитын жазбаша өтінішті ұсынады:
- Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса тіркелуі тиіс:
- Кандидаттың немесе сенім білдірілген тұлғаның қолы.
- Редакциямен шарт жасауы.
Бөлісу: