Жаңалықтар
1 мин оқу 330

Президенттің көмекшісі қызметінен босатылды

24 08 - orinbaev АСТАНА. 24 тамыз. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ербол Орынбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметінен босатылды. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. Ербол Тұрмаханұлы Орынбаев 1971 жылы туған. 1993 жылы М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, ал 2002 жылы Дьюк Университетін (АҚШ) тәмамдаған. 2013 жылғы қарашада Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі Данияр Талғатұлы Ақышевқа Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі міндетін уақытша атқару жүктелді. Айдар Өрісбаев. Дерек: akorda.kz. Сурет: kapital.kz.
Бөлісу:
Президенттің көмекшісі қызметінен босатылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар