Жаңалықтар
1 мин оқу 360

Конституция күні қарсаңында

02.jpg-02-09Қазақстан Республикасы Конституциясының күні қарсаңында Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен марапатталған Сенат Аппаратының бір топ қызметкерлеріне «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалін табыс етті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. «Елбасы өз сөзінде Консти­туцияны қатаң басшылыққа алу мемлекеттің табысты дамуы мен қоғамдағы азаматтық келісімнің негізі деп атап көрсеткен болатын. Бүгінде Қазақстанның әлем мемлекеттерімен терезесі тең түсіп, елеулі жетістіктерге жетуі Ата Заңымыздың өмір­шеңдігін дәлелдеп отыр», деп атап өтті Қ.Тоқаев. Қазақстан мемлекеттігінің заңдық не­гізіне айналған Конституция қоғамымыздағы тұрақтылық пен келісімнің берік іргетасы болып табылады, деді Төраға.
Бөлісу:
Конституция күні қарсаңында · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар