Жаңалықтар
1 мин оқу 530

Гүл болып шашылады

Rose-Flower-Wallpaper-600x375Асыл ана, арулар армысыңдар! Алғысым бар ақжарма алдарыңда, Отырған мәжілістің залдарында! Бармысыңдар, бәйшешек – батыр қыздар! Нармысыңдар жүк қалмас жолдарыңда?!   Жолдарында өмірдің бастауында, Сыңғырлайсың көңілдің шашбауында! Жалдарына толқындар ұя салдың, Заңғарында сенімнің жас қауымға!   Жолдарында жүк қалмас нармысыңдар?! Батыр қыздар – бәйшешек, бармысыңдар! Ақ жаулықты, ардақты аналарым, Алдарыңда ақжарма алғысым бар!   Алғысым бар – гүл болып ашылады Шашуым бар – жыр болып шашылады Бар болыңдар бәрінде сау-саламат! Аққу келбет арулар, асыл Ана! Төрегелді ТҰЯҚБАЙ.
Бөлісу:
Гүл болып шашылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар