Жаңалықтар
1 мин оқу 326

Оралда газ тасымалдайтын цистерна рельстен шығып кетті

21-05-2015-vagon 02ОРАЛ. 21 мамыр. Батыс Қазақстан облысының орталығы – Оралда газ тасымалдайтын состав рельстен шығып кетті. Оқиға «Алау Газ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағындағы темір жол тұйығында болған. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент мамандарының айтуынша, бұл кезде цистерналарға газ құйылып үлгермеген. Аталған серіктестіктің директоры Бақытжан Жапаров хабарлағандай, оқыс әрекетке машинистің рациямен берілген команданы естімеуі себеп болған. Төтенше жағдай кезінде составтың құрамында газ тасымалдауға арналған 27 цистерна болған. Мамандар олардың бос болуы үлкен апаттың алдын алғанын айтуда. Темір Құсайын. Дерек: egemen.kz. Сурет: uralskweek.kz. 21-05-2015-vagon 01
Бөлісу:
Оралда газ тасымалдайтын цистерна рельстен шығып кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар