Жаңалықтар
2 мин оқу 590
Президенттікке үміткерлікке 15 адам тілек білдірді
АСТАНА. 9 наурыз. Бүгін Орталық сайлау комиссиясында Қазақстан Республикасы Президенті сайлауына үміткерлер ұсынудың барысы және Орталық сайлау комиссиясының Қазақстан Республикасы Президенті сайлауын ұйымдастыру жөніндегі жұмыстары туралы брифингі болды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі хабарлады.
Орталық сайлау комиссиясының 26 ақпанда бекіткен күнтізбелік жоспарына сәйкес, 2015 жылғы 26 сәуірге белгіленген Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына үміткерлер ұсыну басталды.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына 2-9 наурыз аралығында өзін өзі ұсыну жолымен 14 өтініш түсті. Өзін өзі ұсыну жолымен мына азаматтар өз кандидатураларын ұсынды:
- Сырғабаев Асқар Жорабайұлы;
- Алдажанов Сафиолла Қалабайұлы;
- Қойшиева Лимана;
- Әбдікәрімов Бақыт Төлегенұлы;
- Мырзашов Сухраб Аминжанұлы;
- Өктешбаев Есенбек Жапарұлы;
- Жүнісбеков Якобжан;
- Жұман Қайрат Тоқтарұлы;
- Серғазин Ержан Мерекенұлы;
- Маишев Қайрат Әлембайұлы;
- Қайсаров Уәлихан Әбішұлы;
- Естемесов Бақтияр Өксікбайұлы;
- Тұрагелдиев Қанат Сбашұлы.
Бөлісу:
