Жаңалықтар
1 мин оқу 300

Ақтауда серіктестік сейфінен 11 млн теңге ұрланды

15-10-2015-aktau 01АҚТАУ. 15 қазан. Ақтауда ЖШС сейфі бұзылып, 11 млн теңге қолды болды. Бұл туралы nur.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Оқиға Ақтау қаласындағы 29А шағын ауданында орналасқан «Наси» ЖШС-де орын алған. Кеңсеге орнатылған салқындатқышты алып тастаған ұрылар компанияның кеңсесіне кіріп, ол жердегі сейфті ашып, 11 миллион 300 мың теңгені ұрлап кетті. Қазіргі таңда қылмыс фактісіне қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Гүлайым Шынтемірқызы. Дерек: egemen.kz. Сурет: fedpress.ru.
Бөлісу:
Ақтауда серіктестік сейфінен 11 млн теңге ұрланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар