Жаңалықтар
1 мин оқу 300
Партия Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы
Кеше Астанада «Нұр Отан» партиясы ХVІ съезі қарсаңында партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлады партияның баспасөз орталығы.
Отырыс барысында партияның Саяси кеңесінің мүшелері бірқатар мәселелерді қарады. Ол 2011-2014 жылдардағы Саяси кеңес, Орталық бақылау-ревизиялық комиссия жұмысының қорытындылары, сондай-ақ, партияның XVI cъезі органдарының жұмысын ұйымдастыру.
Атап айтсақ, «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің шешімімен өтетін Съездің қарауына келесі күн тәртібі енгізілді:
- «Нұр Отан» партиясының атынан Қазақстан Республикасы президенттігінен үміткерді ұсыну.
- Партияның Саяси кеңесі мен Орталық бақылау-ревизиялық комиссиясының есептік мерзімдегі жұмысының қорытындысы.
- Партияның Саяси кеңесі мен Орталық бақылау-ревизиялық комиссиясы мүшелерін сайлау.
Бөлісу: