Жаңалықтар
1 мин оқу 682

Аягөзде 600 орындық мектеп ашылды

16 10 - mektep ӨСКЕМЕН. Шығыс өңірінің Аягөз ауданында «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» бағдарламасы аясында 600 орындық мектеп ашылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Салтанатты түрде тұсауы кесілген жаңа білім ордасында балаларға барлық қолайлы жағдай жасалған. Аталған шараға аудан басшысы Бақытжан Байахметов қатысты. Мектепте оқу кабинеттерімен бірге логопед және психологиялық қызмет кабинеттері, асхана, мәжіліс және спорт залдары, кітапхана бар. Оқу бөлмелері қажетті құрал-жабдықтармен, жиһаздармен қамтамасыз етілген. Мектеп ауласында спорт және демалыс алаңдары орналасқан. Онда спорттық және мерекелік шаралар өткізілетін болады. Сондай-ақ сабақтан тыс уақытта мектепішілік үйірмелер жұмыс істемек. Сонымен қатар, Аягөз ауданында «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» бағдарламасы аясында 140 орынға арналған балабақша мен 600 орындық мектеп-лицейдің құрылысы жүріп жатыр. Думан Анаш. Дерек, сурет: egemen.kz 16 10 - mektep 2  
Бөлісу:
Аягөзде 600 орындық мектеп ашылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар