Жаңалықтар
6 мин оқу 500
Ғасыр проблемасына айналуы мүмкін мәселе
Бүгінде кәрі құрлықта босқын мәселесі ең өзекті болып отыр. Әсіресе, сириялық мигранттарды Еуропаның босағасынан аттатып, төріне жайғастыру қиындық тудыруда. Дегенмен, БҰҰ мен Еуроодақ осыған қатысты оң шешімдерді қарастырып, босып жүрген жандарды «жайлы жерге» орналастырудың ретін табуда. БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун әлемде отанын тастап кезіп жүрген келімсектердің саны күн сайын артып барады дегенді алға тартты. Сондықтан да қаржы дағдарысымен қабаттасқан босқындар проблемасы Еуропаның еңсесін езуде дейді сарапшылар. Қалай дегенмен де ғасыр індетіне ұласып бара жатқан босқын мәселесін бір жақты ету керек. Мұны әлемдік сарапшылар айтуда.
Таяуда өткен саммитте Еуроодақ пен Түркия бір жақты келісімге келді. Енді серіктестік аясында қос тарап осы елдегі келімсектер жайын оңтайлы шешуге ниетті. Ал Италия экономикалық құлдырау үстінде. Мұндағы орман шаруашылығы қыруар шығынға батты. Ел билігі ауыл шаруашылығын ілгерілетіп отырған зәйтүн ағашын жаппай жоюды қолға алды. Оған себеп аталған ағаш айықпас дертке шалдыққан.
Әлемдегі 60 миллион адам – босқын
Еуроодақ Түркиямен серіктестікке қол жеткізді
Италия билігі ормандардағы ауру ағаштарды жоюға кірісті
Бөлісу: