Жаңалықтар
1 мин оқу 261
Түркияның бұрынғы Президентімен кездесті
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркияның бұрынғы Президенті Абдулла Гүлмен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Қазақстан-Түркия ынтымақтастығының ахуалы, оның түрлі саладағы дамуының басты бағыттары талқыланды.
Сонымен қатар, А.Гүл Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен және Астана күнімен құттықтап, елімізге игілік пен бақ-береке тіледі.Бөлісу: