Жаңалықтар
1 мин оқу 472

Қандыағашта сапалы ауыз су шығару қолға алынды

20-10-2015-darina 01АҚТӨБЕ. 20 қазан. Ақтөбе облысы Қандыағаш ауданында жергілікті өнімдердің қатарын «DARINA AQUA» ауыз суы толықтырды. Осындай атаулы ауыз суды жеке кәсіпкер Қуандық Төлегенов шығарады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Жақында ашылған кәсіпорында сертификатталған ауыз су заманауи технологиямен өндіріледі. Қандыағаш қаласында орналасқан осы цехта қазір 24 адам еңбек етеді. Табиғи таза ауыз су ұңғыма арқылы тереңдігі 200 метр жерден алынады. Өндірілген өнім арнайы сертификатталған белгісі бар құтыларға құйылады. Түрлі сыйымдылықтағы құтыларды кәсіпкерлер өздері дайындайды. Бұл жоба 2013 жылы қолға алынып, үстіміздегі жылғы қыркүйек айынан бастап жергілікті нарыққа алғашқы өнімдерін шығара бастады. Отандық өнім алдағы уақытта Кеден одағы елдеріне де экспортқа шығарылмақ. Жоспар бойынша компания айына 96 мың құты табиғи ауыз су дайындайды. Сатыбалды Сәуірбай. Дерек, сурет: egemen.kz.
Бөлісу:
Қандыағашта сапалы ауыз су шығару қолға алынды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар