Жаңалықтар
1 мин оқу 513

Каратэ-до шитокан

Жастар жарап жүр Жуырда Польшаның Карпач қаласында каратэ-до шотаканнан кадет­тер мен жасөспірімдер арасында өткен Әлем чемпионатында Қазақ­стан құрамасы бәсекеге қатысқан 32 елдің ішінде үшінші орынды жеңіп алды. Бұл сынға елімізден 12 спортшы аттанып, соның бәрі 16 алтын және 6 күміс жүлдемен оралды. Басқа елдердің құрамаларында 50-ден астам өкіл болғандығын ескере отырып, Қазақ­стан құрамасына осыншама алтын және күміс медальды жеңіп алуы үлкен жетістік деуге болады. Дастан КЕНЖАЛИН.
Бөлісу: