Жаңалықтар
1 мин оқу 420
Қарым-қатынастар жайы сөз болды
Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Экономикалық ынтымақтастық бойынша Қазақстан-Әзірбайжан үкіметаралық комиссиясының 7-ші отырысының жұмысына қатысу үшін Астана қаласына келген Әзірбайжан Республикасының өнеркәсіп және энергетика министрі Натиг Алиевпен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық өзара қарым-қатынасты одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды.
Бөлісу: