Жаңалықтар
3 мин оқу 480

Баспасөз-2010

Заманмен үндес заңғар басылым

ЕҢСЕЛЕНЕ БЕР, «ЕГЕМЕНІМ»

Әр оқырманның жүрегіне ыстық өз сүйікті басылымы болады десем, маған «Егемен Қазақстан» сондайлық газет. Мен кезінде «Социалистік Қазақстан» аталған онымен Алматыдағы №12 мектептегі оқушы шағымда-ақ достасқан едім. 20 жасымда майданнан оралған бетімде қайта сағына табыстым. Отаны­мыз­дың бас газетінің тұрақты оқырманы болып келе жатқаныма, міне, 60 жылдан асып қалыпты. Содан әр күн сайын таң­ер­теңгілік оны қолыма алмай, көңілім орнықпайтындығы әбденгі әдет. Ел тынысының жыршысына қашанда ризамын. Әсіресе, ұстаз, әдебиетші ретінде ұлттық сана-сезімді, дүниетаным­ды кеңейтуге, рухани ойды байытуға, өр­­ке­ниетті үрдістерге ұмтылдыруға ұс­тан­­ған берік бағытына ризамын. Сон­дық­­тан оқырмандары көп болуына ті­леу­қорлығымды Е.А.Бөкетов атындағы Қа­рағанды мемлекеттік университетіндегі ұзақ жылғы ұстаздық қызметімде әріп­тестерімді, шәкірттерімді оны жаз­ды­рып алуға тарту арқылы танытып жүрдім. Бүгінде аты да, заты да өзгерген га­зет­тің мемлекеттік мүдде тұрғыдағы үні, елді биіктетудегі көтерген жүгі аса сал­мақты. Басылым бұл мақсаттан шығып келеді. Тәлімгерлік беделінің өсе түсуін, сөзінің қонымдылығын жыл сайын оқыр­мандары қатары толығуынан сезінеміз. Соңғы он жылда біздің облы­сы­мызда таралымы 8 есеге артып, 12 мыңнан асуы соған бір айғақ. Тынымсыз ізденіс үстіндегі, ел шежі­ре­сінің айнасы, парасаттылық пен сали­қа­лықты ту еткен «Егеменім», еңселене бер. Қаби ЛЕКЕРОВ, ғалым, соғыс және еңбек ардагері. ҚАРАҒАНДЫ. * * * Жеделхат

«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ президенті Сауытбек Абдрахмановқа

Тоқсан жылдан астам тарихы бар еліміздің бас газетін қасиетті Қарқаралы ауданының жұрт­шылығы сүйіп оқиды. Өңірімізде елі­міз­дің тыныс-тіршілігі мен қол жеткен та­быс­та­рын баяндап отыратын бас газетімізді оқи­тын­дар саны жылдан жылға көбейіп келеді. Би­ылғы жылы жазылу науқаны да өте жоғарғы деңгейде жүріп жатыр. Бұған сіздің биылғы жылы қазан айындағы Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметовпен кездесуіңіздің де өзіндік әсері болғаны сөзсіз. Баспасөзге жа­зылу науқаны аяқталғанша «Егемен Қазақ­стан» газетінің аудан бойынша таралымын 1000 данадан асырамыз деген сенімдеміз. Сержан АЙМАҚОВ, Қарқаралы ауданының әкімі. Қарағанды облысы. * * * Тәуелсіз Қазақстанның мемлекет ретінде қалыптасуы мен еліміздегі реформалардың іске асуына “Егемен Қазақстан” газетінің қос­қан үлесі айрықша болғаны алдағы жылдарда айқын аңғарыла беретіні даусыз. Бабала­ры­мыз­­дың ғасырлар бойы аңсаған Тәу­ел­сіз­ді­гі­нің  қадірін жас ұрпаққа ұғындыруда да ел га­зе­тінің қадамына барша оқырман куә болып келеді. Әсіресе, биылғы Еуропадағы қауіп­сіз­дік және ынтымақтастық ұйымына төраға­лықтың және Ұйымның Саммитін өткізудің қазақстандық тағылымын жан-жақты талдап көрсетуде “Егеменнің” еңбегі ерекше көрінді. “Егемен Қазақстанның” қай тақырыпты да, қай мәселені де терең зерделеп, зерттеп жаза­ты­ны қызықтырады. Бұл оқырмандармен ара­дағы ежелгі байланыстың үзілмеуінің алтын көпірі іспетті. Біздің Махамбет ауданында да  “Еге­меннің” күнделікті нөмірін күтіп отыра­тын, газетте жарық көрген мақалаларды қы­зы­ға оқитын оқырмандар қатары сиреген емес. Ал­дағы жылы да солай болатыны анық. Қазір­дің өзінде 2011 жылға 800-ге жуық адам жа­зылды. Газетке жазылу әлі де жалғаса береді. Өмірзақ ЗИНУЛЛИН, Махамбет ауданының әкімі. Атырау облысы. * * * Біздің ұжым қай-қай істе де ұйымшылдық пен бірлік танытып, қоғамдық жұмыстардың бел ортасында жүреді. Сондықтан да болар жұм­ысымыз жемісті, тұрмысымыз келісті. Аурухана дәрігерлері мен медбикелері – өз­дерінің міндеттеріне адал жандар. Олар өз істеріне жауапкершілікпен қарап, кәсіби маман­дығына қатысты білімдерін көтеріп, әлемдегі және елдегі оқиғалар мен жаңалықтарға үнемі құлақ түріп жүреді. Ал мұндайда бұқаралық ақпарат құрал­да­ры­ның көмегі көп екені даусыз. Сол себепті де біздің ұжымда баспасөзге жазылудан ешкім шет қалмайды. Кәсіби мамандығымызға бай­ла­ныс­ты басылымдармен бірге «Егемен Қа­зақ­стан», «Ана тілі», «Қазақ әдебиеті», «Түркі­­стан» сияқты қазақ газеттерін алдырамыз. Со­ның ішінде біз үшін еліміздің бас басылымы – «Егеменнің» орны бөлек. Біздің ұжымдағы 40 адам жаңа жылдан бастап «Егемен Қазақстан» газетін алдырып оқитын болды. Аққали ОРАЗАЕВ, Қобда аудандық орталықтандырылған ауруханасының бас дәрігері. Ақтөбе облысы.
Бөлісу: