Жаңалықтар
1 мин оқу 500
Тәуелсіздік күнімен құттықтайды
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына шет ел мемлекет басшыларынан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 19 жылдығымен құттықтаған хаттар мен жеделхаттар келіп түсуде, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Швейцария Конфедерациясының Президенті Дорис Лойтхард Елбасына жолдаған құттықтауында: «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен Сізді Швейцария Федералдық Кеңесінің және жеке өз атымнан құттықтаймын. Сізге зор денсаулық және атқарып жатқан істеріңізге табыс, еліңізге гүлдену тілеймін», деп жазады.
Чех Республикасының Президенті Вацлав Клаус Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевты Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесімен құттықтап, өзінің жүрекжарды тілегін білдіреді.
Сондай-ақ Венгр Республикасының Президенті Пал Шмиттен де құттықтау келіп түсті. Ол өз хатында Венгрия Қазақстанды ерекше маңызды әріптесі ретінде санайтынын айта келіп, Елбасын Тәуелсіздік күнімен құттықтайды.
Бөлісу: