Аймақтар
1 мин оқу 350

Теміртауда тоғыз жасар бала жоғалып кетті

<p style="text-align: justify;">Теміртауда тоғыз жасар бала айдың күннің аманында жоғалып кетті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.</p>

05-01-2016-Propala malshik

Владислав есімді тоғыз жасар бала 29 желтоқсан күні үйден шыққан да содан үшті-күйлі жоғалып кеткен. Кейбір деректерге қарағанда, баланы біреулер соңғы рет «Комсомолец» деген кинотеатрдың маңынан көріпті... Баланы іздеушілердің бармаған жері, баспаған тауы қалмаған: әзірге іздеу жұмыстары еш нәтиже берер емес. Бүгінгі күнде іздеушілердің қатарына құрамы 70 сарбаздан тұратын әскери рота да қосылды.

Қайрат Әбілдинов.

Дерек, сурет: egemen.kz.

Бөлісу:
Теміртауда тоғыз жасар бала жоғалып кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар