Жаңалықтар
1 мин оқу 160

Телефон арқылы сөйлесті

Akorda үлкеніМемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі. Украина Президенті Қа­зақ­станға өзінің ресми сапары кезін­дегі жылы шырайлы қабылдау және келіссөздер үшін алғыс айтты. Мемлекеттер басшылары сау­даның баламалы жолдарын пай­даланудың жаңа жағдайындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен перспективаларын талқылады. Сондай-ақ, Украинаның оң­түс­тік-шығысындағы ахуал жөнінде пікір алмасылды. Қазақстан Президенті қақтығыс түйінін тарқату және Украина мен Ресей арасындағы шиеленісті ше­шу ісінде мәмілеге келуге ша­қыр­ды. Телефон арқылы сөйлесуге Ук­раина жағы бастамашы болды.
Бөлісу:
Телефон арқылы сөйлесті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар