Жаңалықтар
1 мин оқу 240

Елбасы консультация өткізді

18-01-02JPGМемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінің Төрағасы Қабиболла Жақыповпен және Премьер-Министр Кәрім Мәсімовпен консультация өткізді. Кездесуге, сондай-ақ, Президент Әкімшілігінің Басшысы Н.Нығматулин қатысты, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Елбасы Мәжіліс депу­тат­тарының кезектен тыс Парламент сайлауын өткізу туралы бастамасы түрлі пікірталас алаңдарында, сарапшылар арасында және бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен талқыланып жатқанын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев қо­ғамдық пікірді анықтауға ар­налған сауалдамада бұл ұсы­ныстың кеңінен қолдау тапқанын көрсетіп отырғанына назар аударды. Қ.Жақыпов партиялардың сайлаушылардан жаңа сенім мандатын алу, кең қоғамдық ұйысу, сондай-ақ, жүргізілетін реформаларды барлық деңгейде жүзеге асыру үшін Мәжіліс пен мәслихаттар іс-қимылын сәйкестендіру қажеттігі мұндай шешімнің қабылдануына басты себеп болғанын атап өтті.
Бөлісу:
Елбасы консультация өткізді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар