Жаңалықтар
1 мин оқу 287
Бөгде елдегі берекесіз тірлік
Мемлекетіміздің шекара маңында заңсыз жұмыс істеп жүрген үш Өзбекстан азаматы ұсталды. Солтүстіктің қақаған аязына да төселіп алып, нәпақа тауып жүрген ала шапанды ағайындар Павлодар шекара отрядының «Железинка» шекара комендатурасынан жасақталған нарядтың «Львовка» және «Қашыр» деген ауылдарға жасаған рейдтерінің барысында қолға түсті. Ұсталғандар Қашыр аудандық ішкі істер бөліміне тапсырылды, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ-ның баспасөз қызметі.
Бөлісу: