Жаңалықтар
1 мин оқу 390

Қызылорда автобус паркіне жаңа 82 автобус әкелінеді

22.01.2016 QZO ҚЫЗЫЛОРДА. 22 қаңтар. «Қызылорда қаласына жыл басында 82 жаңа автобус әкелініп, жолаушылар тасымалының сапасы жақсарады», деді қалалық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Гүлнар Баймаханова. Бұл туралы kyzylorda-news.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады. «Байқоңыр» ӘКК» АҚ жанынан «Қызылорда автобус паркі» құрылған болатын. Тұрғындарды үлкен сыйымдылықтағы қоғамдық көліктермен қамтамасыз ету мақсатында 20 автобус алынды. «Қызылордаға келуі тиіс жаңа 92 автобустың былтыр 10-ы әкелінсе, биыл қалғаны жеткізіледі», дейді ол. Ержан Байтілес. Дерек, сурет: egemen.kz
Бөлісу:
Қызылорда автобус паркіне жаңа 82 автобус әкелінеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар