Жаңалықтар
1 мин оқу 243

Астанада «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс съезі өтеді

26.01.2016 AST-1 АСТАНА. 26 қаңтар. 29 қаңтар күні Астанада «Нұр Отан» партиясының ХVII кезектен тыс съезі өтеді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Мемлекет басшысы, партияның Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының ХVII кезектен тыс съезін шақыру туралы қаулыға қол қойды.  Қолда бар деректерге қарағанда, съезде партия мүшелері Мәжіліс сайлауына жаңа бағдарламасын жасап, сайлауға қатысатын депутаттардың тізімін жасайды. Қазір партияның орталық аппараты мен филиалдарына съезді өткізу үшін ұйымдастырушылық жұмыстар тапсырылған. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: egemen.kz
Бөлісу:
Астанада «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс съезі өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар