Жаңалықтар
1 мин оқу 277

Өкілеттігін тоқтату мәселесі қаралды

Парламент Сенаты Конс­титуциялық заң­на­ма, сот жүйесі және құ­қық қорғау органдары коми­тетінің кеңейтіл­ген оты­рысында Консти­туция­лық Кеңес мүшесі Анар Жайылғанованың өкілет­тігін тоқтату туралы мәсе­ле қаралды. Конституциялық Кеңес төрағасының ұсынымы негізінде комитет Парламент Сенатына Конституциялық Кеңестің мүшесі Анар Жайылғанованың «Нұр Отан» саяси партиясына кіруіне байланысты өкілеттігін тоқтатуға ұсыным берді, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.
Бөлісу:
Өкілеттігін тоқтату мәселесі қаралды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар