Жаңалықтар
1 мин оқу 200

Ұрлықтарын жасыра алмады

«Қорғас» шекаралық бақы­лау отрядының шекарашылары Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығының сауда орындарынан жаяу қайтып келе жатқан үш қазақстандықтан жарияланымсыз заттар тапты. Олардың бірінен, яғни 38 жастағы Бағдат есімді азаматтан салмағы 300 кг. болатын халық тұтынатын тау­ар тәркіленді. Екіншісі 39 жастағы Шынар есімді азаматша киімінің ішіне 10 дана айфон ұялы телефондарын жасырып алып өтпек болыпты. Ал 38 жастағы Тимур есімді азамат та тура алдыңғы аталған азаматша секілді, қой­ны-қонышын айфонға толтырып алған екен. Одан да 10 дана ұялы телефондар табылды. Ұсталғандар заттарымен «Ал­тынкөл» кеден бекетінің қыз­меткерлеріне табысталды, деп хабарлады ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Ұрлықтарын жасыра алмады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар