Жаңалықтар
1 мин оқу 323

Қысқы Универсиада қарапайым өткізіледі

01.02.2016 AST-6jpg АСТАНА. 1 ақпан. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Қысқы Универсиадаға арналған жиында жарысқа бөлінген қаржыны оңды-солды шашпай, қарапайым ғана өткізу керектігін айтты. Бұл туралы 2017 жылғы Универсиаданы ұйымдастыру және өткізу жөніндегі дирекцияның ақпары бойынша egemen.kz тілшісі хабарлады. Жиында қала әкімі жарыстарды өткізуде Еуропа елдерінен үлгі алу керек екенін, қазір әкімдік қаржыны үнемдеу үшін кейбір құралдарды сатып алудан бас тартып, уақытша жалға алуды жоспарлап отырғанын айтты. Қолда бар мәліметтерге қарағанда, Универсиаданың бюджеті 32 млрд теңгеден 17 млрд теңгеге дейін екі есеге жуық қысқарып отыр Дастан Кенжалин. Дерек: egemen.kz Сурет: almaty2017.com
Бөлісу:
Қысқы Универсиада қарапайым өткізіледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар