Жаңалықтар
1 мин оқу 205
Қысқы Универсиадаға делегацияларды тіркеу басталды
АСТАНА. 1 ақпан. Қысқы Универсиада ойындарына қатысатын елдердің делегация құрамын тіркеу басталды. Бұл туралы 2017 жылғы қысқы Универсиаданы ұйымдастыру және оны өткізу жөніндегі дирекцияның ақпары бойынша egemen.kz тілшісі хабарлады.
Дирекция басшысы Әсет Әбдуәлиевтің айтуынша, шет елдің ұлттық студенттік спорт федерацияларына Универсиадаға қатысу туралы хаттар жөнелтілген. Универсиаданың ресми сайтында (www.almaty2017.kz) делегацияларды тіркеу басталды.
Дастан Кенжалин.
Дерек, сурет: egemen.kzБөлісу: