Әлем
1 мин оқу 301

Орыс атауындағы соңғы қала

<p style="text-align: justify;">Тәжікстанда орыс атауын алып келген ең соңғы қала &ndash; Чкаловскінің аты өзгеріп, ол ендігі жерде Бустон деп аталатын болды.</p>

Қаланың атын ауыстыру туралы қаулыға Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қол қойды. Бустон – Соғды (бұрынғы – Ле­нинабад) облысының ірі өнер­кәсіп және мәдениет орталығы. Үкіметтің мәлімдемесінде атап көрсетілгендей, республикада тағы бірқатар қалалар мен аудандардың, сондай-ақ, елдегі ең көне Қайраққұм су қоймасының аттары да өзгерген.

Бұдан былай ол «Бахри точик» (Тәжік теңізі) болып аталады. Үкімет мәлімдемесінде респуб­ликадағы қалалар мен аудандардың, сондай-ақ, су қоймасының аттарын өзгертудегі мақсат тарихи атау­ларды қалпына келтіру, ұлт­тық құндылықтарды насихаттау жөніндегі патриоттық ұсыныстар мен халықтың арман-мүддесін жүзеге асыру болып табылатыны айтылған.

Мұрат АЙТҚОЖА.  

Бөлісу:
Орыс атауындағы соңғы қала · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар