Жаңалықтар
1 мин оқу 381

Қытайда сел жүріп, 6 адам қаза тапты

08-02-2016 chinaАСТАНА. 8 ақпан. Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономды ауданында сел жүріп, 6 адам қаза тапты. Сондай-ақ, 4 адам із-түзсіз жоғалып кетті. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Оқиға Цзиншэн елді-мекенінде болды. Қазіргі сәтте құтқару тобы көмек көрсету жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мерт болғандар мен жоғалып кеткендердің туыстарымен арнайы психолог мамандары жұмыс істеуде. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Сурет: aif.ru.
Бөлісу:
Қытайда сел жүріп, 6 адам қаза тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар