Жаңалықтар
1 мин оқу 444

Оралда бұқаралық шаңғы жарысы өтті

05-02-2016-oral 01ОРАЛ. 31 қаңтар. Батыс Қазақстан облысының орталығы – Орал қаласындағы қалалық мәдениет және демалыс саябағында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай дәстүрлі бұқаралық шаңғы жарысы өтті. Бұл туралы inform.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Шараға қатысқан облыс әкімі Нұрлан Ноғаев өңірде Елбасы тапсырмасына сәйкес қалың бұқараны спортпен айналысуға кеңінен тарту мақсатында жазда жеңіл атлетика, велосипед, қыста шаңғы жарыстары ұдайы ұйымдастырылып тұратынын айтты. Оның айтуынша, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйытқы болған бұл жолғы шара биыл жазда Рио-де-Жанейрода өтетін ХХХІ жазғы Олимпиада Ойындарында өнер көрсетіп, ел намысын қорғайтын спортшыларды қолдауға арналды. Ұзындығы 3 шақырым болатын шаңғы жарысына түрлі мекемелер, оқу орындары, спорт мектептері, сондай-ақ, қала тұрғындары, барлығы 2 мыңдай адам қатысты. Ерекше белсенділік көрсеткендер дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Темір Құсайын. Дерек, сурет: inform.kz.
Бөлісу:
Оралда бұқаралық шаңғы жарысы өтті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар