Жаңалықтар
1 мин оқу 284
Мексикада бүлікшілдердің әрекетінен 50 адам қаза тапты
АСТАНА. 12 ақпан. Мексиканың Монтеррей қаласына таяу маңайдағы түрмеде болған бүлікшілдердің әрекетінен 50 адам қаза тапты. Бұл туралы interfax.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Мерт болғандардың арасында тұтқындалғандар да, түрме күзетшілері де бар. Бүліктің салдарынан қамауда отырғандардың бір бөлігі қашып кетуі мүмкін деген болжам жасалды. Қазіргі кезде оқиға орнында тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Аян Әбдуәли.
Дерек, сурет: interfax.ru.Бөлісу: