Жаңалықтар
1 мин оқу 294
Департамент басшысы қамауға алынды
Орал қалалық соты Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Валихан Разовты екі ай мерзімге қамауға алуға шешім шығарды. Оған Қылмыстық кодекстің екі бірдей бабы бойынша айып тағылған. Оның біріншісі – өзінің қызмет бабын теріс пайдалану болса, екінші – лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану. Аталған департамент басшысы Валихан Разовқа сот санкциясы шарасы 2016 жылдың 30 қаңтары күні күшіне енген.
Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан».
Батыс Қазақстан облысы.
Бөлісу: