Жаңалықтар
1 мин оқу 306

Ақтөбелік дәрігерлер қайырымдылық концертін өткізді

19-02-2016-aktobe 02АҚТӨБЕ. 19 ақпан. Ақтөбелік дәрігерлер қайырымдылық концертін өткізді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Қайырымдылық концертінен түскен 1 миллионнан астам қаржы мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған 10 ата-анаға берілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастырған «Жақсылық сыйла!» атты қайырымдылық акциясы Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясындағы «25 қайырымды іс» ұранымен өткізілді. «Достық» үйінде өткен қайырымдылық концертінде ақ халаттылар ән салып, би билеп, күй күмбірлетті. Әсіресе, дәрігерлер әулеті Жолдиндер шырқаған әндер көрермендер көңілінен шықты. Сатыбалды Сәуірбай. Дерек: egemen.kz. Сурет: islam-orkeniet.kz.
Бөлісу:
Ақтөбелік дәрігерлер қайырымдылық концертін өткізді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар