Жаңалықтар
1 мин оқу 255

Қытай студиясы Universal pictures үшін 250 миллион доллар бөледі

19-02-2016 universal picturesАСТАНА. 19 ақпан. Қытайдың Perfect World Pictures студиясы белгілі голливудтың Universal Pictures компаниясына 250 миллион АҚШ доллар бөледі. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. «Perfect World Pictures студиясы үшін бұл маңызды қадам болары сөзсіз. Компания жаңа технологиялар арқылы фильм түсірудің қыр-сырын голливудтық әріптестерінен үйренеді. Сондай-ақ, Universal Pictures өнімдері Қытай нарығында бұрынғысынан да жоғары сұранысқа ие болады», – дейді Internet consultancy Analysys компаниясының сарапшысы Хуан Гофэн. Келісім жасалғаннан кейін алдағы 5 жыл көлемінде студия 50 фильм түсіреді деп күтілуде. Perfect World Pictures бірігіп түсірілген фильмдерден түскен пайданың 25 пайызын иеленеді. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Сурет: youtube.com.
Бөлісу:
Қытай студиясы Universal pictures үшін 250 миллион доллар бөледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар