Жаңалықтар
1 мин оқу 223

Непалда жолаушылар ұшағы жоғалып кетті

24-02-2016 nepalАСТАНА. 24 ақпан. Непалда Покхар қаласынан Джомсом қаласына бет алған шағын ұшақ таулар арасында жоғалып кетті. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін бірнеше минуттардан соң, байланыс үзілген. Әуе кемесінің бортында 23 адам болған. Ұшақ Tara Airlines әуекомпаниясына тиесілі. Хабарламада айтылғандай, ұшақ бортында 18 жолаушы болды. Оның екеуі шетелден келгендер. Біреуі Қытай азаматы болса, екіншісі Кувейттен келген. Ал қалғандары экипаж мүшелері. Аян Әбдуәли. Дерек, сурет: ТАСС.
Бөлісу:
Непалда жолаушылар ұшағы жоғалып кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар